2021 жылдың 19 мамырында Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Саналы ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты: студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын себептер мен жағдайларды жою және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу. Конференцияға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференция жұмысына қатысқан колледж оқытушылары мен студенттері Конференция барысында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушылары М.Б.Дюсенгалиеваның «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуының кедергісі», А.Е.Дуйсенгалиеваның «Жас ұрпақ елдің сенімді болашағы», Э.Х.Утепбергенованың «Меры противодейсвия коррупции в Казахстане» тақырыптарындағы және колледждің «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының студенті Нұржанова Диляраның «Елімнің болашағы – менің қолымда», «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Ислямгалиев Нұрланның «Жемқорлық ғасыр дерті», «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының студенті Умирзакова Лунараның «Коррупция – проблема общества» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалып, тақырыптық бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Конференцияда студенттер өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап алды.
https://digitalcollege.edu.kz/kz/ser-pin/370-2021-zhyldy-19-mamyrynda-khaly-araly-tsifrly-tekhnologiyalar#sigFreeIdeaf18e3517