WorldSkills аясындағы «Мобилография» құзыреттілігі бойынша мастер-класс өтті! Бүгін студенттер мобильді түсірілімнің қыр-сырын меңгеріп, сапалы фото мен видео жасаудың әдістерін үйренді. Мастер-класс барысында қатысушылар кадр қою, жарықпен жұмыс істеу, ракурстарды дұрыс таңдау және мобильді монтаждың негізгі тәсілдерін практикалық түрде тәжірибеден өткізді.
