02 - 03 сәуір күндері «ЖАСТАР ҚАЛҚАНЫ - 2026» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.
Байқау нәтижесінде колледж студенттері жоғары белсенділік танытып, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, студенттеріміз «Сахналық сөйлеу шеберлігі» номинациясын иеленіп, өз өнерлері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!

