Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты. Іс-шара барысында жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде тиімді пайдалану, оның негізгі бағыттары, кездесетін мәселелері және болашақ даму мүмкіндіктері талқыланды.
Семинар модераторы – Тәжікбаева Зияш Қуатқызы, Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері.
Осындай кәсіби алаңдар тәжірибе алмасуға, білім беру жүйесіндегі жаңа технологияларды енгізуге және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

