Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Мұратов Ринат Ғаниматұлы және БҚО Полиция департаментінің консультативтік кеңесші органының мүшесі, қоғам белсендісі Мырзахметова Асель Қажиахметқызы сыбайлас жемқорлық, нашақорлық қылмыстарының алдын алу бойынша ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Дильназ Темуровна нашақорлықтың алдын алу мақсатында деректі фильмдер көрсетілді.