Жаһандық білім жүйесіне ену – Қазақстанда соңғы жылдары қызу қарқынмен қолға алынған үдеріс. Заманның талабына сай өзіндік бедері бар білім жүйесін қалыптастыруда қазақстандық білім мен ғылым саласы жаңа инновациялық ізденіске бой алдыруда. Осы орайда
бүгін біліми кешенімізде “Инновациялық бағыттағы техникалық мамандарды дайындау-заман талабы” атты семинар өткен болатын. Семинарға қала мектептерінің басшылары қатысқан болатын.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
#уральск
#бқо
#digitalcollage
#самоуправление
#студенты
#өзінөзібасқаруұйымы
#bkobilim