«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында
Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде
«Кибермошенниктер» тақырыбында ақпараттық жиналыс өтті.
Жиналысты Орал қаласы ПБ Абай ПБ кезекші бөлімінің бастығы, полиция майоры Ақкереев Айбек Базарбаевич жүргізді.
Іс-шара барысында:
киберқылмыстың түрлері
интернет алаяқтарының әрекет ету тәсілдері
жеке деректерді қорғау жолдары
қауіптің алдын алу әдістері кеңінен түсіндірілді.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алып, маңызды ақпаратпен танысты.
Бұл кездесу колледж қызметкерлеріне арналған және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталды.
Қауіпсіз интернет – әр адамның жауапкершілігі!
