«Заң мен тәртіп» - қауіпсіз қоғамның берік негізі
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі студенттерімен маңызды кездесу өтті.
Іс-шараға:
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Айдарбек Кадирұлы жастарға қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану туралы түсіндірді.
Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімінің бастығы, майор Рифат Наильұлы әскери қызметтің маңызы, азаматтық борыш және тәртіп қағидалары жайында айтып өтті.
Орталығымыздың теолог маманы Бағдат Қанатұлы діни сауаттылықты арттыру, жалған діни ағымдардың алдын алу және рухани мәдениет тақырыбын қозғады.
Орал қаласы Полиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Наиль Талғатұлы зиянды әдеттердің салдары мен заңдық жауапкершілік туралы нақты мысалдар келтірді.
БҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Ляззат Жылқыбайқызы жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Орталығымыздың маманы Айна Нұрмұханқызы мемлекеттік бағдарламар және жастарға арналған мүмкіндіктер туралы баяндады.
Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың саналы көзқарасын қалыптастырып, жауапкершілік деңгейін арттыруға және қоғам тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
