Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81/2
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

V Ұлттық құрылтай: маңызды бастамалар талқыланды

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен V Ұлттық құрылтайда көтерілген негізгі бағыттар мен маңызды мәселелерді талқылауға арналған мазмұнды жиын ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – Ұлттық құрылтай аясында айтылған стратегиялық бастамалар мен бағдарламалық міндеттердің мәнін ашу, оларды білім беру, ғылым, экология, цифрландыру және жастар саясаты бағыттарында іске асыру жолдарын талқылау, сондай-ақ қоғамның түрлі өкілдерінің пікір алмасуына мүмкіндік жасау болды.

Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік өкілдері, студенттер, қоғамдық ұйым мүшелері мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты Әліби Науханұлы Баяхов өз сөзінде V Ұлттық құрылтайдың ел дамуы үшін маңызын атап өтіп, Мемлекет басшысы көтерген бастамалардың білім беру ұйымдары үшін стратегиялық бағдар екеніне тоқталды.

Жиынды ашқан – Қазақстанның 100 жаңа есімінің» иегері, “Парасат” орденінің иегері, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, «Жаңару» жалпы ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ  Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялар жүйелері университетінің  құрылтайшысы, академик Ақсерік Сарыұлы Әйтімов Ұлттық құрылтайдың қоғамдық диалогты нығайтудағы рөліне, ұлттық мүдде мен заманауи даму талаптарының сабақтастығына ерекше назар аударды.