Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

Тамыз кеңесін талқылайық.

Тамыз айының 21 жұлдызында жыл сайын мектеп, колледждер мен ЖОО-ның жаңа оқу жылына деген дайындықтары мен жүргізіліген жұмыстарын бір қалыпқа келтіріп, жаңа оқу жаңалықтарымен бөлісетін тамыз кеңесі болып өткені бәріңізге мәлім. Білім және ғылым министрінің өзінің қатысуымен өткен бұл жиында көптеген мәселелер талқыланды. Министр орынбасары Ералы Лұқпанұлы өз сөзінде қазіргі таңдағы білім ордаларының  жұмысына көңілі толмайтындығын, және осы бағытта біз көптеген өзге мемлекеттерден қалыс қалып бара жатырғандығымызды айтып, кеңес қатысушыларын бір сілкіді. Айтылып отырған барлық сыңды қабыл алып жақын арада өзгерістер  енгізуіміз қажет. Оқу жылының қашықтықтан басталып жатқандығына қарамастан, ең бірінші біз әрбір алдымызға келіп отырған балалардың қауіпсіздігіне жауап береміз.Сонымен қатар күн тәртібінде: дуалды оқыту, студент жастардың тәжірибесі және «Жас маман» бағдарламасын қайта күшке алу керек екендігін баса айтты. Сын түзелмей, мін түзелмес деген бар, осы жиында кәсіптік білім беру орындарын бітіруші жастардың жұмыспен қамтылуы және олардың жетіспеушілінен шет елдерден маман алдыртуға тура келіп отырғандығын айтты. Сонда біздің түлектеріміз қайда? деген үлкен мәселе қозғалды. Бәрімізге мәлім, кәсіптік оқыту өзге оқу орындарына қарағанда тәжірибені көбірек талап етеді, тіпті өте көп десем де артық айтпаймын.

Сонымен қатар педагог мәртебесі туралы және де пилоттық режим бойынша, әр оқытушының басты мақсаты бала оқыту, оған ешбір өзге жұмыстар кедергі келтірмеу қажет екендігін де қоса айтты. Өте қысқа мерзім ішінде ғалымдарымыздың COVID-19 ауруына қарсы вакцинаның пайда болғандығын айтып, әріптес ғалымдарымыздың үлкен жұмыстарына алғысын білдірді. Жаңа оқу жылындағы жеке оқу орындарында болатын өзгерістерді айтып өтті, «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы қабылданатын болады, өйткені өздеріңіз білесіздер тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Мемлекеттік тілдегі дәстүрлі кітаптар, және өзге де оқулықтар кітапханаларда толықтай болады. Кәсіби құзыреттілікті жетілдіру орталықтарының санынын азайатынын, оларды қолға алу керек . Көптеген жұмыстар енді онлайн түрде өтіп , бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын болатындығын айтты. Қосымша үстеме арнайы атаулы статусқа ие педагогтерге төленетіндігін халыққа жеткізді, бұл жаңалықты естіген педагог-ұстаздар бір марқайып қалды.

Білім бастауы, мектеп екені бәрімізге белгілі, жеке меншік білім беру құрылтайшысы Күләнда Батырбекқызының айтқан сөздері маған ерекше шабыт берді: елдегі белең алып отырған жағдайға қарамастан , жеке оқу орындары қолдарына беріліп отырған үлкен мүмкіндікті қолайлы пайдалануы тиіс екендігін атап өтті. Жан басына шаққан қаржыны тек жастардың дамуына сол жастарға білім  беруші оқытушылардың кәсіби дамуына арнау қажет деп айтты. Ұжым арасында кері байланыстың жоғары дәрежеде екендігін, онлайн сабақтар мен видеосабақтардың еркін түрде қолданысқа ие болып отырғандығын атап өтті, біз үшін бұл үлкен үлгі болып табылады.

Білім басшысының айтуы бойынша, жастардың ғылымға көптеп келуін қолға алу қажет, оларға сол бағытта ешнәрсе кедергі келтірмеу керек. Әрқашан жаңашылдықтан бас тартпайтын  білім және ғылым министрінің әрбір сөзі үлгі аларлықтай. Осы кезеңде қозғалған тағы да бір үлкен мәселе ретінде, Асхат Қанатұлының ЖОО-ның дамуына байланысты жемқорлыққа қарсы жаңа жоспары болып табылдаы. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін сарапшылар тобы құрылды. Бұл жоспар жүзеге асып, толықтай орындалатын болса, ЖОО-да білім алушылардың бәсекелестікке деген қабілеттері арта түседі, ал бәсеке бар жерде жаңалықтар мен адал еңбек болары сөзсіз. Әр оқу орны 100 пайыз академиялық түрде еркін болуы керек, сонымен бірге еліміздегі саны бар сапасы жоқ білім ордаларынның санын азайту қажет деді. Өз сөзінде, бұл айтылған сөздер неше түрлі сын пікірлерге ұшырайды, бірден қабылдау қиын болатынын түсінемін деді Асхат Қанатұлы. Заман талабына сай әр адамның рухани дамып, әрқашанда болып жатқан өзгерістерге оң қабақ таныту керек деп атап өтті. Кәсіби түрде дұрыс жетілмеген түлектерді көп шығарып отырған оқу орындарының жабылатындығын айтып өтті, құрметті әріптестер жоғарыда аталып өткен әр ескерту мен сынға үлкен жауапкершілікпен қараумыз қажет. Қорыта келгенде әрқашан білім саласына елімізде үлкен көңіл бөлініп отырған, бұл дәстүрлі түрде жылдан-жылға жалғасын тапса, бір біркелкі  жүйеге көшіп, еңбек нарығында сұранысқа ие жастарды дайындап шығаратын боламыз. Өйткені біз еліміздің ертеңі болар жастарды оқытып отырмыз. Жаңа оқу жылына толағай табыстар тілеймін!

Халықаралық  Цифрлық Технологиялар, Сәулет

және Құқық колледжінің директоры, техника және менеджмент

ғылымдарының магистрі Буранова Айдана Табылдиевана