2021 жылдың 30 қараша-10 желтоқсан аралығында Жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» тақырыбында апталық жоспарланды.
Апталықтың мақсаты: Студенттердің ұлтжандылықтарын және мәдениеттіліктерін қалыптастыру, олардың жеке және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу үшін жағдай жасау. Бүгін 30 қараша күні сағ 11.00 де Астана конференц залында «Тұңғыш Президент: Тұлға.Тарих.Тағылым» атты 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбиелік іс-шарамен ашылды. Іс шараға колледжіміздің 1 топ студенттері ат салысты.
Студенттерге Елбасының өмірбаяны таныстырылып, өмір жолынан бейне баян көрсетілді.
Хронологиялық кесте, Блум токсономиясы, сұрақ-жауап айдары, кітап көрмесі, әдеби сазды монтаж бөлімдері қамтылды.
9ю-11 топ студенті Ергалиева Эльнара Тәуелсіз еліміздің 30 жыл ішіндегі жалпы пәндер бойынша (физика, химия, тарих, дене шынықтыру) тарихи жетістіктері туралы өз жобасын қорғады.
Студенттер белсене қатынасып, өз білім, біліктерін көрсете білді. Апталық соңында уздік қатынасқан студенттер марапатталады.