Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ” жолдауын насихаттау мақсатында және Ж.Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай “Zhahansha cup IV” тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен қалалық мектеп оқушылары арасында облыстық ашық пікірсайыс турниринде біздің студенттеріміз Орынбасар Аяулым мен Ғарифулла Асет “Юридит” фракциясы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерімізді құттықтаймыз