Студенттерге дропперлік туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді
Колледж студенттеріне қаржылық қауіпсіздік және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында дропперлік (дропперство) тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында:
Дроппер ұғымы және оның заңсыз қаржылық операциялардағы рөлі;
«Жеңіл табыс» ұсыныстарының артындағы алаяқтық схемалар;
Банктік карталарды үшінші тұлғаларға берудің қауіптілігі;
Заң алдындағы жауапкершілік пен қылмыстық салдары түсіндірілді.
Студенттерге өздерінің жеке деректерін, банк карталарын және шоттарын бөгде адамдарға бермеу керектігі ескертіліп, қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары айтылды.
Мұндай профилактикалық шаралардың мақсаты – жастарды құқық бұзушылықтан сақтау және саналы азаматтық ұстаным қалыптастыру.
