«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді құттықтаймыз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
Халықаралық Цифрлық Технологиялар Сәулет және Құқық колледжінің ұстаздары сіздерді мерекелерінізбен құттықтаймыз