Техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, әлемдік бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін білім беру үрдісін жаңарту, дамытуды көздеп қызмет жасау Цифрлық Технологиялар,Сәулет және Құқық колледжінің оқытушыларының алдына қойылған үлкен мақсат.
2019-2020 оқу жылындағы техникалық пәндер және телекоммуникациялар жүйелер пәндік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес,техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мақсатында қаңтардың он үші мен он жетісі аралығында «SMART оқыту-ғылыми-техникалық білімнің негізі» атты пәндік апталық оздырылды.Апталық барысында оқытушылар өздерінің сабақ беретін пәндері бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар өткізді.Өткізілген іс-шараларының кейбіреулеріне тоқтағым келіп тұр.
Апталық барысында колледжіміздің бірінші санатты оқытушысы Туманова Ш.С.«Автомобиль жолдарын іздеу және жобалау»пәнінен «Автомобиль жолдарының нұсқауларын салыстыру» тақырыбында «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығының 3 курс студенттерімен ашық сабақ өткізді.Оқытушы сабақ барысында «Бермуд үшбұрышы»тәсілін қолданды. Еденде бермуд үшбұрышы сызылды. Әрбір бұрышына «О», «Қ», «А» әріптері қойылды.Алдымен орыс тілінде сөз айтылады,студент қазақша, содан соң ағылшынша айту керек.Егерде казақ не ағылшын тілінде аудармасын айталмаса, бермуд үшбұрышына жоғалып кетеді. Ал егер үш тілде аудармасын тапса, бермуд үшбұрышынан аман есен шығады. «Бермуд үшбұрышы» әдісі арқылы үш тілді меңгеру көзделген. Сабақ жоспарын құру үшін көптеген әдістер бар. Китай, Великобритания, және Канада білім беру ұйымдарында қолданып жүрген ең тиімді әдістерінің бірі болып саналатын BOPPPS моделі.Осы моделді Туманова Ш.С.тиімді қолдана білді. BOPPPS моделі – бұл біріншіден оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,екіншіден алдынғы сабақ негізінде оның маңыздылығын қамтамасыз ету үшін, үшіншіден білім беруді жеңілдету мақсатында сабақ жоспарын ұйымдастырудың тәсілі.
Сонымен қатар осы«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығының ГСТА-32 топ студенттерімен кураторы,арнайы техникалық пәндер оқытушысы Айталипова Н.Д. «Сақта жолдың тәртібін, жолы болсын әр кімнің!» тақырыбында викторина өткізді.Бұл викторина 5 турдан тұрды: 1-сұрақ –жауап; 2- оқушылардың білімдерін тексеру үшін «Лабиринт» құрастыру;
3 –жол белгілер бойынша үлестірмелі материал дайындау; 4-«Сен маған мен саған» тапсырма бойынша командаларға алдын ала сүрақтар дайындалып келу бірілді; 5-«Ақылды пешеход» тақырыбында тапсырма құрастыру. Викторина өте қызықты өтті. Сабақты өткізу арқылы өқытушылар технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты екендігін дәлелдеді.
Колледждің арнайы техникалық пәндер оқытушысы Елеуова А.Б. «SMART-экскурсия» тақырыбында «Талшықты-оптикалық байланыс желісіне» арналған байланыс саласындағы озық технологияларды қолдану бойынша «Радиоэлектроника және байланыс» және «Оптикалық электрондық жабдықтар» мамандығында оқып жатырған студенттерге 14.01.2020ж. күні экскурсия өткізді.
Экскурсия КазИИТУ ғылыми білім базасында өткізілді. Арнайы жасақталған GPON оқу полигонында студенттерге телекоммуникация желілері, оның ішінде кәбілді және оптикалық желілер қалай құрылатыны көрсетілді, қауіпсіздік техникасы талаптарын білді. Әрі қарай экскурсия iD Center таныстырылым залында жалғасты, бұл жерде интерактивті телевидение (iD TV), жаңа буын желісіндегі бекітілген телефонияның заманауи түрлері (iD Phone), Wi-Fi технологиясы бойынша Интернетке сымсыз қатынау, Интернетке кеңжолақты қатынау қызмет түрлері көрсетілді. Экскурсанттар қызметтерді тестілеуден өткізді және өздерінің оқып жатырған мамандықтары бойынша сұрақтарына жауап алды.
Халықаралық Цифрлық Технологиялар,Сәулет және Құқық колледжінің стратегиялық бағыттарының бірі телекоммуникация саласындағы инновациялық шешімдерге өсіп келе жатырған буынның қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.Колледжіміздің ұсынатын жаңа технологиялар, заманауи шешімдер, қызметтер мен сервистер туралы студенттердің хабардар болуын арттыру бойынша іс-шаралар, сондай-ақ өсіп келе жатқан буын үшін кәсіптік бағдар сипатындағы кездесулер жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
Оқу бөлімінің менгерушісі Айталипова Н.Д