Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?
Құрметті біздің парақша оқырмандары!
Көктемнің алғашқы күні 1 наурыз - Алғыс айту күні екені бәрімізге белгілі. Осы орайда парақшамызда << Алғыс >> марафонын өткізуді жөн көрдік. Айналаңыздағы жақын адамдарыңызға, қиын кезде қол ұшын созған жандарға немесе өзіңіз жақсылығын көрген жанға лебізіңізді білдіргіңіз келге, алғыс-ризашылығыңызды видеоға түсіріп , бізге жолдай аласыз. Біз қуана-қуана өз парақшамызға жариялаймыз.