Сапалы білім беру және түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында бүгін Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және
Құқық колледжі мен «Транстелеком» Акционерлік Қоғам мекемесі арасында ынтымақтастық жасасқан болатын.
Бұл келісім арқасында:
1) қазіргі заман талаптарына сай жаңа технологияларды игерген жоғары білікті мамандарды дайындау;
2) ғылым мен техниканың инновациялық жетістіктерін өндірістік процеске ендіру;
3) колледж қызметкерлерін өндірісте тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;
4) студенттерді өндірістік тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуіне мүмкіндік туып отыр.