Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің бірлескен жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің студенттері арасында «Qarzhy Sagshysy» ойыны ұйымдастырылып, белсенді түрде өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың қаржылық алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын арттыру, оның ішінде:
қаржы пирамидалары,
дроппершілік,
киберқұқық бұзушылық,
цифрлық гигиена ережелері,
интернеттегі қауіпсіздік мәдениеті сияқты өзекті бағыттар бойынша түсініктерін кеңейту.
«Qarzhy Sagshysy» – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға, алаяқтардың әдіс-тәсілдерін тануға, күмәнді ұсыныстардан сақтануды үйренуге арналған интерактивті оқыту форматы. Ойын барысында қатысушылар шынайы өмірде кездесетін түрлі қаржылық жағдайлармен бетпе-бет келіп, қауіпсіз шешім қабылдау дағдыларын тәжірибе жүзінде қалыптастырады. Бұл іс-шара жастардың цифрлық ортада қауіпсіз әрекет етуін дамытуға, қаржылық тәуекелдерді дұрыс бағалауға және алаяқтықтың алдын алуына бағытталған тиімді құрал болып табылады.
