Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81/2
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

Президент сұхбаты: жаңғыру идеялары - университеттік алаңда

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбат-мақаласына арналған мазмұнды талқылау өтті.

Кездесу Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағыттарды ғылыми-білім беру қауымдастығының көзқарасы тұрғысынан зерделеуге, сондай-ақ жастармен ашық пікір алмасуға бағытталды.

Іс-шараны университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты Әліби Науханұлы Баяхов жүргізіп, модератор ретінде талқылаудың жүйелі әрі мазмұнды өтуіне басшылық жасады. Ол өз сөзінде Президенттің сұхбатында көтерілген цифрландыру, жасанды интеллект, қоғамдық сана мен жауапкершілік мәселелері жоғары оқу орындарының даму стратегиясымен тығыз үндес екенін атап өтті.

Жиынның бастамашысы - ғылыми - білім кешенінің құрыдтайшысы, академик Айтимов Ақсерік Сарыұлы Мемлекет басшысының идеяларын кеңінен түсіндіру, әсіресе студент жастар арасында саналы азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Талқылауға қатысқан спикерлер Президент сұхбатында қозғалған мәселелерге әр сала тұрғысынан баға беріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.