Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына , халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аталған азаматтардың арасында біздің де жерлестеріміз аз емес.
Атап айтар болсақ, белгілі ақын А.Бақтыгереева "Отан орденімен, "Зенит" Орал зауыты " АҚ бас директоры В.Валиев1 дәрежелі " Барыс" орденімен, облыстық "Ақжайық " телеарнасының директоры А.Губашев " Құрмет " орденімен, " Х.Бөкеева " атындағы облыстық қазақ драма театрының артисті Н.Жұбатова " Парасат" орденімен және Т.Сапаров "Құрмет орденімен марапатталды.
Елге оралған осынау азаматтарды колледжіміздің белсенділері мен өңір басшысы зор құрметпен қарсы алып, ілтипат көрсетті.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев марапат иелерін құттықтап, атқарып отырған еңбектері үшін алғыс білдірді.