Колледжімізде «Орал қаласының Құрметті азаматтары – 2025 жыл» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға ГД-11 және 9 П-11 топтарының білім алушылары белсенді қатысып, Орал қаласының дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалар туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Студенттер қала тарихы мен қоғамға еңбегі сіңген азаматтардың өмір жолын танып, патриоттық рухта тағылымды мәлімет алды.
Мұндай шаралар жастардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
