Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

2025 жылдың 24 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің төрағалығымен “Жұмысшы мамандықтары жылына” арналған іс-шаралар жоспары бойынша кеңейтілген отырыс және Жоғары аграрлық-техникалық колледж базасында үлкен көрме ұйымдастырылды.

Кеңейтілген отырысқа облыстың білім беру саласының жетекшілері, колледж директорлары және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Шараға БҚО Білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы Сафуллин қатысып, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің дамуы мен оның маңыздылығына тоқталып өтті. Ол “Жұмысшы мамандықтары жылы” аясында атқарылатын шаралардың жастарға бағыт-бағдар беріп, қоғамның экономикалық-әлеуметтік салаларын дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.

Кеңестен кейін Жоғары аграрлық-техникалық колледждің базасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде әр колледж өзінде оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат беріп, практикалық үлгілер мен инновациялық жобаларды көрсетті. Қала мектептерінің оқушылары көрмеге арнайы шақырылып, олар үшін кәсіби бағдар алу мақсатында шеберлік сыныптары, ашық сұрақ-жауап алаңдары мен оқыту бағдарламалары ұсынылды.

Көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін барлық ұсыныстар алдын ала облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) бөліміне жіберілгені айтылды. Бұл жұмыс жастарды қызықтыратын әрі еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа мамандықтармен таныстыруға мүмкіндік берді.

Оқушылар арасында мамандыққа қызығушылық тудыру үшін колледж студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы әзірленген интерактивті көрсетілімдер ұйымдастырды. Бұл көрме техникалық және кәсіптік білім берудің жастардың болашағын қалыптастырудағы шешуші рөлін тағы бір рет дәлелдеді.

Шара соңында облыс әкімі Н.Т.Төреғалиев көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырған білім беру мекемелеріне алғысын білдіріп, “Жұмысшы мамандықтары жылының” мақсаттарын жүзеге асыруда ортақ күш жұмсау қажеттігін ерекше атап өтті!