“Neo Engineering: идеядан тәжірибелік жобаға дейін” семинары өтті
Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі мен №45 мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы аясында №26 мектепте “Neo Engineering: идеядан тәжірибелік жобаға дейін” атты семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында колледжіміздің Г-121 топ студенттері мектеп оқушыларымен бірлесіп жұмыс жасап, 2 жобаны қорғап, өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бұл іс-шара оқушылардың инженерлік ойлауын дамытуға, тәжірибелік дағдыларын арттыруға және бірлескен жобалық жұмыстарға қызығушылығын оятуға үлкен мүмкіндік берді.
Ғылыми жетекшісі: Суиншкалиева Н.Н.
Бірлескен жұмыс – жарқын болашақтың кепілі!
