Наурызнама – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін, береке мен бірлікті насихаттайтын ерекше мереке. Бұл күндері халық бір-бірімен көрісіп, ақ тілектер айтып, ұлттық салт-дәстүрлер жаңғырады.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы, көктемнің жарқын мерекесі. Осы күндері ұлттық ойындар ойналып, ән мен күй шырқалып, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйланады.
Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен бақыт әкелсін!

