Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

Нашақорлықпен күресу бір немесе бірнеше адам оңай жеңетін нәрсе емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар,қоғам белсенділері, сіздер мен біздер әрбір Қазақстанның азаматы тысқары қалмауы керек.

Осы орайда білім кешенімізде 13 қыркүйек күні 1 курс топ студенттерімен облыстық психонаркология диспансерінің жоғары дәрежелі психиатр наркологы Сатанов Нұрлан Фатихоллаұлы мен Орал каласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Давлетжанов Мухтар Серікұлы кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында студенттерге нашақорлықтың зияны, оның адамға әкелер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқтала кетті. Колледж студенттеріне есірткі, нашақорлық туралы сұрақтар қойып, жастар тарапынан тиянақты жауабын алып отырды. Өз сөздерінде қонақтар жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, білімді шәкірт, білікті маман болуға шақырды.