18.02.2026 күні колледжімізде «Менеджмент және маркетинг негіздері» тақырыбында сабақтан тыс викториналық сабақ өткізілді.
Шараға Г-621 және 9-621 топ студенттері белсене қатысып, өздерінің білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Викторинаның мақсаты – студенттердің менеджмент пен маркетинг саласындағы білімдерін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру және кәсіби бағытта дамыту.
Шара қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсетті!
