«Taza Qazagstan» тұжырымдамасы аясында облыстық «Мен зерттеушімін» ғылыми-зерттеу конференциясы өтті
Конференцияның мақсаты – жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденісін дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар өздерінің зерттеу жобаларын ұсынып, тың идеяларымен бөлісті. Ғылыми жұмыстар «Taza Qazagstan» бастамасының өзекті бағыттарымен ұштасып, табиғатты қорғау, экология және қоғамдағы жауапкершілік тақырыптарын қамтыды.
Осындай конференциялар жастардың ғылымға деген ынтасын арттырып, болашақ зерттеушілердің қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.
Қатысушыларға сәттілік, жаңа жетістіктер тілейміз!
