Жолдау барысы.
Осы жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызында президентіміз, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы дәстүр бойынша, Қазақстан Республикасына жолдау жолдады. Білім күнімен тұспа-тұс келген мемлекет басшысының жолдауында көптеген маңызды экономикалық, құқықтық, әлеуметтік мәселелер қозғалып, министрлерге жаңа тапсырмалар берілді. Әлемде белең алып жатырған бұл жағдай, біздің еліміздіің де көптеген жоспарлап отырған бастамаларын жүзеге асыруға кедергі келтіргені рас, Елбасы алғашқы мәселе ретінде еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің сан жағынан қысқаратынын айтып өтті, қашықтықтан жұмыс жасауға көшкен мемлекеттік органдар өз әріптестерінің қатарынан үздік сапалық құрам жасақтауы тиіс деді. Ал жұмыссыз қалған бауырларымызға жаңа, сұранысқа ие салалардан орындар тағайындалатынын айтты. Осы қиын кезеңде еліміздің дәрігерлері мен құқық қорғау органдарында қызмет етушілердің, жеке кәсіпкерлер мен еріктілердің адал қызметіне алғысын білдіреміз. Қазақстанның алдында түрған үлкен мақсат бұл – өнеркәсіптік әлеуетімізді толықтай пайдалану, ұлттық экономикамызды қиын кезеңде біз бұған дейінгіден де қаттырақ дамытып, жұмыстануымыз қажет. Жеңіл өнеркәсіп, мұнай химиясы, көлік құрастыру, азық-түлікті өндіру және т.б. Және де аталып өткен бастаулардың бір бағытта, сапалы да тез жұмыс жасауы үшін, бағытына қарай жаңа заңнамалар шығарылуы тиіс. Жыл сайын осындай немесе өзге де мәселелер қозғалары сөзсіз, мемелекет тарапынан үздіксіз түрде қаражат бөлініп, жаңа жобалар басталды, бірақ белгілі ұстаным мен арнайы талаптардың әлсіз болуынан олардың көп пайызы өз жемісін бермей отырғаны бәрімізге мәлім. Ауыл шаруашылығы әрқашанда 1-ші орында тұруы тиіс, бұл мәселеген көзіміздің толыққанды жеткеніне көптеген жылдар өтті, ауыл шаруашылығы дамымай, бәсекеге қабілетті ел бола алмаймыз. Ауыл шаруашылығы қара күш пен тынымсыз еңбекті талап етсе де, бағаланбай отыр, бағасы арзан, шығыны көп, осы саланы дамытуға ел болып атсалысуымыз керек. Елбасы үкіметке жаңа жекешенлендіру жоспарын құруды тапсырды. Сонымен қатар отандық товарды бүгінгі күнде біз экспортқа ұялмастай шығаратын етіп дайындауымыз қажет деді. Індет кесірінен әлем бойынша миллиондаған студенттер мен балғын оқушылар қашықтықтан оқуға көшті, ал оқытушылар болса үйдегі өз балаларының үлгеріміне қарайтын уақыты болмай күні-түні телефонмен дәрістер беруде. Қанша жерден мықты оқыту платформасы жасалса да, дәстүрлі түрде мектепке келіп, оқытушыны көзбен көріп, білім алғанңға жетпейді. Осы үлкен де маңызды мәселені шешу үшін алдағы уақытта білім ордаларына келіп, үйреншікті өз орнымызға түсу үшін жаңа шаралар жүзеге асатын болады. Осындай кезеңде еңбек етіп отырған ұстаздардың да жалақысы көңілге толатындай болуы қажет деп айтып өтті. Ғылым саласын дамытуда халықаралық тәжірибеге мән бермесек болмайды. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметіне көңіл бөлсе тамаша болар еді.
Әлемдік денсаулық сақтау органдарының пайымдауы бойынша бұл індетті толық жеңу үшін 2 жылдан астам уақыт қажет, той емес ой қуалайтын заманда біз бәріне дайын болуымыз қажет. Дүрбелеңге түспей, сабырмен ғана жеңіп шығатын жағдайда жасампаздық пен бірлік, жаңашылдық пен береке ғана бізге көмегін берері сөзсіз.
Буранова А.Т техника және менеджмент ғылымдарының магистрі,
Халықаралық Цирфлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің директоры.