2026 жылдың 22 сәуір күні Х.Есенжанова атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні мерекесіне арналған «Ұлттық кітап күні-руханият мерекесі» кітап фестивалі өтуіне орай колледжіміздің студенттері қатысып қайтты. Шара барысында студенттер кітап әлеміне терең бойлап, рухани азық алып, түрлі көрмелер мен қызықты бағдарламаларға куә болды.

