Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі
«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» деген болатын Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өз Жолдауында.  
Жалпы латын әліпбиіне көшу кеше немесе бүгін қозғалып отырған мәселе емесі анық.  Бұл туралы ең алғаш Елбасымыз 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан – 2050» стратегиясында да айқын дәлелдермен айтқан болатын. Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу туралы ойлар кез келген газет-журнал бетінде немесе қоғамда да кеңінен талқылануда. Латын әліпбиіне көшу жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемің бір бөлігі болуға талпынысымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр. Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылады. Латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер латын әліпбиімен байланысты   екенін байқауға болады. Сондықтан, мен де, Қазақстанның азаматшасы ретінде Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Бұл жерде негізі мақсат – кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті түпнұсқадан алып, оқуға  болады. Ең бастысы – жаңа әліпби барлық талаптарға сай болса, біз биік технологияларды меңгеруге, интернетке, ғылым мен білімге және әлемдік дамуға еркін кіретін боламыз. Бұл біздер үшін ең тиімді нәрсе және өзімізден кейінгілерге қалдыратын мәңгілік мұра. Сондықтан латын жазуына көшу – зор мүмкіндік пен өте үлкен жауапкершілік болып табылады. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы даламыздың тарихына көз жүгіртсек,  ең бастысы, кіндік қанымыз тамған жерді, екіншісі, қасиетті тілімізді, үшіншісі, мемлекетіміздің және оның тарихының қалыптасқан көрінісі деп білеміз. Қорыта келгенде, Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясаты ұрпақтар сабақтастығын жалғастыратын көпір деп санаймын.
А.СӘРСЕНБАЕВА