2025 жылдың 26 қарашасы
Колледжімізде Мемлекеттік айыптаушылар форумы аясында ерекше кездесу өтті.
Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыдағы істерге қатысу басқармасының бастығы – Аймағанова Айжан Талғатқызы студенттермен ашық форматта сұхбат құрды.
Айжан Талғатқызы резонансты қылмыстық іс бойынша жұмыстың күрделілігі мен кәсіби қызметіндегі маңызды сәттер туралы айтып берді.
Еске сала кетсек, ол экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптауды қолдап, қоғам назарын аудартқан сот процесінде маңызды рөл атқарды.
Студенттер өз сұрақтарын қойып, құқық, жауапкершілік және мамандық таңдау бойынша құнды кеңестер алды.
Кездесу әсерлі өтіп, болашақ заңгерлер үшін үлкен мотивация болды.
