Колледжде жастар арасында есірткінің алдын алу, оның ішінде қазіргі қоғамда жиі кездесетін *«закладчиктер» әрекеттеріне* қарсы күрес мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында студенттерге *есірткі бизнесінің заңсыз жолдары*, соның ішінде телеграм арналары арқылы таратылатын «закладка» жүйесінің қауіптілігі түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері мен психолог мамандар қатысып, нақты мысалдар келтіріп, бұл әрекетке тартылған жастардың жауапкершілігі туралы айтты.
Басты мақсат — студенттерді *құқықбұзушылықтан сақтандыру*, заңға қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіру және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Шара соңында студенттермен ашық диалог жүргізіліп, *«Закладчик болма! Болса, хабарла!»* ұранымен үндеу қабылданды.
