Халықаралық Цифрлық Технологиялар Сәулет және Құқық колледжінің ГИ- 42 топ студенті Туякбаев Қаламгер Ерланұлы облысымызда өткен WorldSkills жарысына Графикалық дизайн бағыты бойынша қатысып жүйріктер арасынан озып шығып жүлдері бірінші орын алды.
Қазіргі сәтте колледжіміздің, жалпы облысымыздың атын қорғау мақсатымен Көкшетау қаласында өтетін Республикалық WorldSkills жарысына жетекшісі Макишeва Нэлли Мухитқызымен бүгін үлкен жарысқа аттанды. Қаламгер мен Нэлли Мухитқызын бір топ студенттермен ұстаздары сәт сапар тілеп жолға шығарып салдық.
Қаламгер алдағы уақытта республикалық жарыстан жүлделі орын алып, әлемдік жарысқа жол тартады деп сенеміз. Құрметті Макишева Нэлли Мухитқызы, Туякбаев Қаламгер Ерланұлы сіздерге тілейтініміз тек қана сәттілік, қоржындарыңыз толы болсын, АЛҒА АЛҒА АЛҒА!!!!