Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде 8-9 желтоқсан күндері аралығында волейболдан колледжаралық «Ауыспалы кубогі» облыстық турнирі басталған болатын.

Жарысқа аудан және қала колледждерінің командалары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Олар: Орал гуманитарлық - техникалық колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі @pedcollege_official , Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі, Орал политехникалық колледжі @zko_upk_4 , Орал ақпараттық технологиялар колледжі, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Орал жоғары гуманитарлық - экономикалық колледжі, Тасқала колледжі, А.Иманов атындағы жол - көлік колледжі, Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі @digital_college , КазИИТУ құрама командасы @kaziitu.life


Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беру бөлімінің әдіскері Қиясов Тұрарбек Бақтыкерейұлы, ҚР ІІМ құрметті қызметкері, полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор, кәсіподақ ұйымының төрағасы Рахметов Талғат Хасанович сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар шақырулы қонақтар қатарында Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университетінің вице - президенті, экономика ғылымдарының кандидаты Кайрлиева Гаухар Ермекқалиқызы, Колледжіміздің ардагер ұстаздары, бүгінгі таңда зейнеткерлеріміз Карина Гулжан Караевна, Карина Роза Караевна, Молдагалиева Батима Ертуреевна болды.

??????ҚРТәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған волейболдан облыстық ашық турнир екі күнге жалғасып, екі айналым қорытындысы бойынша Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі 1 орынға ие болды. Барша тартысты ойын көрсеткен командаларға алғыс білдіреміз.


@bkobilimbaskarmasy
@uralskakimat
@kaziitu.life
@kaziitu_gazeta
@kazuiits
@damir_aitimov_07
@arai3384
@karzhauovalunara