29 қараша күні колледжімізде «Салауатты қадам - саналы өмір» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараға «Демеу» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Нуржанова М.Б., психиатр-нарколог Гумарова А.С., дерматолог Мурзагалиева Э.Ш. және психолог Жумагалиева Н.Д. қатысты.
Кездесу барысында студенттерге зиянды әдеттердің, денсаулыққа кері әсер ететін өмір салтының салдары және олардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Дәрігерлер зиянды заттарды тұтынуға жол бермеу, тері ауруларының алдын алу, жеке гигиенаны сақтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне тоқталды.