Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81/2
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

КАЗИИТУ оқу орталығында интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Артур Мұсагалиев КАЗИИТУ оқу орталығының оқытушыларымен кездесу өткізіп, қазіргі уақытта кең таралған интернет алаяқтық түрлері және одан қорғану жолдары туралы жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру материалдары мен арнайы үнпарақтар таратылып, интернет пайдаланушылар жиі алданып қалатын жағдайлар нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, киберқауіпсіздік бойынша пайдалы кеңестер алды.

Шара кезінде интернет алаяқтарының қалай әрекет ететіні, қолданатын айла-тәсілдері және олардың азаматтарды алдау схемалары бейнеролик арқылы көрсетілді. Тыңдаушылар алаяқтықтың қалай ұйымдастырылатынын көріп, оның алдын алу үшін қандай сақтық шараларын сақтау керектігі туралы практикалық мағлұмат алды.

Кездесу соңында полиция полковнигі Артур Мұсагалиев интернет желісін қолданғанда барынша мұқият болып, бейтаныс нөмірлерден келген қоңыраулар мен сілтемелерге сенбеуге, жеке деректерді ешкімге жарияламауға шақырды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты- азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіпсіздікті сақтау және киберқылмыстың алдын алу.