“КазИИТУ” ғылыми - білім кешенінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған тағылымды шара өтті.
Бұл мерекелік іс-шарада біз Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларды еске алып, олардың жанқиярлық еңбегіне тағзым еттік. Студенттер ардагерлер рухына құрмет көрсетіп, патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқыды. Бұл күн – бейбіт өмірдің бағасын түсіндіріп, елжандылық сезімді арттырған маңызды сәт болды.

