Қыркүйектің 6-шы жұлдызында ЖОО және АОО студенттерін “Орал жастары” волонтерлық қозғалысының қатарына қабылдау кеші өтті.
Жиынның ашылуында орталық басшысы Дулат Нұрбергенұлы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамалар мен @jaiyqjastary_oral орталығының жүзеге асырылып жатырған жобалары бойынша сөз сөйлеп, студенттерге жылы лебізін білдірді.
Кеш барысында қызықты ойындар ойнатылып, студенттерге сыйлықтар таратылды.
Сонымен қатар жастар арасында жоғары танымалдылыққа ие Miko @miko.vibe men Raketa @raketa.singer кештің арнайы қонақтары болды.