Қазақ халқының бауырмал, достыққа адал, сөзіне берік екендігі баршаға мәлім. Мамыр айының жарқын күнінде баршаңызды адам жанына жылулық ұялататын, шырайлы мерекелердің бірі – 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашан да нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Айтып өткендей, қазақ халқының әр азаматы бауырмашылдық деген асыл қасиетпен дүние есігін ашады, бұл қасиет біздің қанымызда бар. Оған осы уақытқа дейін біздің ұлан-байтақ жерімізді мекен етіп келе жатырған 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар дәлел. Елімізге деген құрметтері мен шынайы сезімдері, мекен етуші өзге ұлт өкілдеріне үлкен сыйластықты туғызды. Бір-бірімізді бөліп жармай, Қазақстан деген үлкен шаңырақтың астында өмір сүріп келеміз. Бұл бізге одан да мықты болуға, биікке самғауға, өзге мемлкеттердің жанында тең тұруға мүмкіндік туғызады.
Дәл қазіргі болып жатырған төтенше жағдайда, ел ертеңі мен бүгіні үшін өз күштерін аямай жүрген жандар арасында қаншама өзге ұлт өкілдері бар, сіздердің адал еңбектеріңізді біз құрметтейміз,бауырлар. Біздің Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде де көптеген өзге ұлт өкілдері қызмет етуде, білім алуда. Әрбір мереке күнін бірлесе тойлап, жас ұрпақ өкілдеріне бауырмал, кеңпейілді болуды ұлықтап келеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясымен қоян-қолтық жұмыс жасаудамыз. Бұл игі бастамалар ешқашан тоқтамастан, қарқынды түрде өз жұмыстарын атқаратын болады.
Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай! Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен қазақ жерінің киелі топырағы, әр сәбидің бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұранды ана сүтімен бойына таратып, әке үнімен қайраттандырып, білім нәрімен толысытып, жер, ел қадірін бағалау, ойы мен санасының төрінен орын алсын.Ар-намысының алдында жауапты болып ер жетсе, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемнің» мәңгілік жасары анық!
Думанды да, салтанатты мерекелеріміз көп болсын,ағайын! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілегім келеді. Біз біргеміз!
Игі тілекпен:
Халықаралық Цифрлық Технологиялар,Сәулет және Құқық колледжінің директоры,
техника және менеджмент ғылымдарының магистрі,
Буранова Айдана Табылдиевна.