Құрметті менің оқырмандарым!
Бүгін "Nur Otan" партиясы Орал қалалық мәслихатының депутаты ретінде Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясына қатыстым.
Сессия отырысында Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының есебі тыңдалды. Қалалық бюджет, өндіріс, инвестиция, ауылшаруалығы жағдайы, тұрғын үй құрылысы, жол мәселесі, қаланың ауыз сумен қамтылуы сынды бірқатар атқарылған істер сарапталды.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды жолкартасында көрсетілген индикаторлық көрсеткіштердің орындалғанына да көзіміз жетті. Берілген уәде кезең-кезеңімен іске асуда. Ол туралы "Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі А.Шыныбековтің депутаттар алдында берген есебінде куә болдық.
Сонымен қатар, сессия соңында өңіріміздің бірқатар беделді азаматтарына "Орал қаласының құрметті азаматы" атақтары берілді.
Олар: Әйтімов Ақсерік Сарыұлы - Қоғам қайраткері, ғылым саласындағы жетістіктері және инновациялық қызметі үшін, Қазақстан Республикасының жаңа ұрпақтарының бойында азаматтық, адамгершілік және патриоттық сезімді тәрбиелеуге, сондай-ақ білім сапасын жақсартуға қосқан үлесі үшін;
2) Қоғам қайраткері Тарасенко Елена Ивановна - қаланың саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосқаны, жергілікті мемлекеттік басқару саласында өзін ерекше қырынан көрсеткен қызметі үшін;
3) Қоғам қайраткері Оразов Самиғолла Хамзаұлы - қаланың саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосқаны, жергілікті мемлекеттік басқару саласында өзін ерекше қырынан көрсеткен қызметі үшін. Шын жүректен құттықтаймын.
Халықаралық Цифрлық Технологиялар Сәулет және Құқық колледжінің құрылтайшысы
Әйтімов Ақсерік Сарыұлы
Батыс Қазақстан облысының құрметті де беделді азаматтарының бірі.
#nurotan
#nutotanbqo
#oralnurotan
#oralmaslihat