2024 жылы 7 қараша күні “ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің”, “Алдын алу шаралары” жобасына сәйкес МЕББМ «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің тәрбие бөлімі “Көмек-буллинг” жобасының ұйымдастырушы менеджерлері Касимова Ляззат Шаденовна, Абуова Альмира Сүйюгалиевна, психолог-маман Казиева Мерует Рахымжановнамен біріге отырып “StopБуллинг” шарасы өткізілді. Мақсаты: “Буллинг” сөзінің мағынасын ашу, таныту. Жасөсіпірімдер арасында , студенттік ортада қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Шараға Абай Пб ЖПҚб ЮПт инспекторы полиция лейтенанты Ибатов Нурболат Бибітұлы қатысып, профилактикалық әңгіме жүргізді. “Көмек-буллинг” балалар арасында бұзақылық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заманауй жүйе. “Көмек-буллинг” мобильді қосымшасы жедел түрде буллинг туралы дабыл беруге, психологиялық қолдау алуға және сарапшылармен кеңесуге мүмкіндік береді. Шара барысында осы жөнінде бейнероликтер көрсетіліп, мобильді қосымшаның қалай жұмыс жасайтыны туралы түсіндірілді.