ҚазИИТУ - да халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті білім кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының 35 жылдығына, сондай - ақ Ғарышкерлер күні мен Ғылым қызметкерлері күніне орай «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылыми - экологиялық саясат және символдық трансформация, білім беру, инженерлік - технологиялар, отандық геологияны дамыту» тақырыбында халықаралық ғылыми - практикалық конференция ұйымдастырылды.
Ауқымды жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен сала мамандары қатысып, әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша баяндамалар жасады. Сонымен қатар, ғылым саласында жаңашыл жобалар ұсынып, өнертабыстарымен ерекшеленген қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Конференцияға Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Назгүл Түменова қатысып, білім мен ғылымның қоғамдағы рөліне тоқталды.

