Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, Халық Қаһарманы, КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына арналған “Ақпараттық технологиялар” мамандығының 2 курс студенттері мен топ кураторы Исенжулова Сымбат Оразқызының ұйымдастыруымен ”Елі сүйген, Елін сүйген Роза” атты әдеби-сазды кеші өтті. 1) Кеш барысында топ студенттері Роза Тәжібайқызының орындауындағы тамаша әндерді шырқап, халық әншіге деген сағынышын одан әрі үдете түсті. 2) Аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың құнды мұрасын тарих беттерінен жоғалтпай, көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттау баршамыздың міндетіміз.