Есірткі деп аталатын тажалмен күрес - біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлемді жайлаған мәселе. Оған қарсы күресте еліміз аянып қалып жатқан жоқ. Қазақстан есірткіге қарсы күрес жүргізуде мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда. Жасты да, кәріні де жалмаған бұл кеселмен күреске құқық қорғау ұйымдары білек түре кірісті. Осы орайда 15 маусым күні Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі, Республикалық жоғары техникалык колледжi және Батыс Қазақстан академиялық колледжінің 1-2 курс студенттерімен «Жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбында кездесу өткен болатын.
Спикер ретінде сөз сөйлегендер:
Облыстық маслихат депутаты, БҚО еріктісі Мырзахметова Асель;
ҚР ММА жасөспiрiмдер құрамасының бас бапкері БҚО ММА Федерациясының директорының міндетін атқарушы
Исентаев Алмат;
Елдос Назаров - БҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкiлi.
СПИД орталығының маманы - Куанышева Гүлнұр Бақытжанқызы
эпидимиолог дәрiгер Алтынай Есболқызы.
Қазақ елінің салауатты жастары - мықты мемлекеттің болашағы!
#digitalcollage
#самоуправление
#студенты
#өзінөзібасқаруұйымы