Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінде ұзақ жылдар қызмет атқарған сала маманы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының III дәрежелі “ЕҢБЕК ДАҢҚЫ” төс белгісімен Нұржанова Гүлзада Амангелдіқызы @n.gulzada марапатталды.
Гүлзада Амангелдіқызы – өз пәнін жетік меңгерген сауатты, өте тәжірибелі оқытушы және әдіскер. Өз жұмысында алдыңғы қатарлы тәжірибемен қатар заманауи технологияларды сауатты қолдана алады. Жас жеткіншектердің жеке қабілетін дамытуда оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын қолдана отырып, студенттердің логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін арттыруда, рухани дүниесін жетілдіруде, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыруды негізге алып отырады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдануымен, сабақтың ерекше құрылымымен айқындалады. Студенттерге білімді дайын күйінде емес, өзіндік ізденіске бағыттап, ғылыммен айналысуға баулиды.
Еткен еңбек пен төгілген тердің еш кетпей, бағаланғаны үшін «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының БҚО филиалының төрағасы, «100 жаңа есім» жобасының иегері,Орал қаласының құрметті азаматы Әйтімов Ақсері Сарыұлына @akserikaitimov алғыс білдіреміз.