Бүгін ҚазИИТУ кітапханасы ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұсынған «Заң» деректер базасының презентациясы өткізілді.
Презентацияға Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құқықтану мамандығының Ю-142,Ю-141 топтары, Халықаралық Цифрлық Теxнологиялар,
Сәулет және Құқық колледжінің 9ю-11, 9ю-12,9ю-22, 9ю-21,9ю-31 топтары қатысты.
«Заң» деректер базасының әртүрлі мүмкіндіктері мен қызметтері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институтының Батыс Қазақстан Облысы бойынша филиал директоры Татьяна Владимировна Недовизий таныстырды.
«Zan» деректер базасы - бұл мемлекеттік және орыс тіліндегі құқықтық ақпараттың электронды дереккөзі, құрамында елдің барлық нормативтік құқықтық актілері,сондай-ақ негізгі заңнан бастап - Қазақстан Республикасы Конституциясы, ауыл округі әкімдерінің шешімдеріне дейін көрсетілген. Деректер базасы қолданысқа алуан түрлі анықтамалықтармен, сөздіктермен,түсіндірмелермен беріледі.
Толығырақ Заң деректер базасымен кітапханамызда таныса аласыздар.