Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

Бүгін 30 қараша күні ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына және Тұңғыш президентіміз - Елбасы күніне орай Батыс Қазақстан Білім басқармасы білім беруді дамыту орталығы мен Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "Дене тәрбиесі және спорт" кафедрасының ұйымдастыруымен колледж оқытушылары арасында облыстық волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа қаламыздың алты колледжінен командалар жасақталып, жарыс додасына түсті.
Жарыстың ашылу салтанатында әнұранымыз шырқалып, колледжіміздің "Музыка" кафедрасының студенттері "Туған ел" әнін шырқап, жарысқа қатысушыларға рухты демеу бергендей.
Жарыс қорытындысы бойынша баптары мен бақтары қоса шапқан үздік командалар анықталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
1 орын - Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі командасы, 2 орын - А. Иманов атындағы жол - көлік колледжі командасы, 3 орынды - Орал жоғары гуманитарлық - экономикалық колледж командасы жеңіп алды. Спорт өнерінде қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген ғана ұтатыны өмір шындығы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, спортты серік еткен байрақты жарыстарымыз көп болғай.