Жалпы пәндер апталығы аясында колледжіміздің 1 курс студенттерінің арасында “Білімділер додасы” интеллектуалды ойыны өтті.
Мақсаты:
Студенттердің білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Ойын топтық сайыс түрінде ұйымдастырылды. Ойынға қатысқан ГСТ-12, Г-312 және 9ю-12 тобы ойын барысында белсенділік көрсетіп, білімдерін ортаға салды. Сайыс нәтижесінде 9ю-12 тобы 1-орынға ие болса, ГСТ-12 тобы 2 орын, Г-312 тобы 3 орынды қанжығаларына байлады