Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

«Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің жанашыр құрамы мен студенттері “Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінде” болып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен сыйлықтар табыстап, игі іс атқарған болатын.

Абай атамыздың он төртінші қара сөзінде: «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытқан барша адамға алғысымыз шексіз.

Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба - құп емес пе.