Береке мен бірлік бәрін де жеңеді!
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз.
Бұл – уақытша дүрбелең.
Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек!»
Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беріп жатырған оқу орындары да наурыз айының 16 жұлдызынан бастап қашықтан оқыту форматына көшу арқылы білім беруді қолға алды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттеуіне байланысты бұл қашықтан оқыту форматына көшу қауіптің алдын алу болып табылады.
Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру
бойынша мынандай жетістіктерге ие:
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
- Экономикалық(оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың
шығынын қысқарту есебінен);
- Жаңа технологияларды қолдану;
- Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың
тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
- Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату
ыңғайлылығы;
- Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Міне, сондықтан қаламыздағы цифрлық технологиясы дамыған оқу орындарының бірі Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі білім беру процесін үздіксіз жүргізу мақсатында 16 наурыздан бастап «College SmartNation» техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталын қолдану арқылы қашықтан оқыту форматына көштік. Бұл — оқу процесі тоқтады деген сөз емес, керісінше, оқу процесі жаңа бір форматқа көшті. Соған байланысты колледждің инженер-педагог қызметкерлері ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа инновациялық технологияларды уақытында меңгеріп, ақпараттарды өңдеп, тиімді пайдалану арқылы онлайн-сабақтар өткізуге бейімделіп, оқытудың жаңа түрін меңгерді, ал студенттеріміз сол портал арқылы білім ақпаратын алуды үйренді. Арнайы мамандандырылған интернет-порталда студенттерге өткен сабақтарды қайта қайталауға,
оқытушыларға онлайн сабақ өткізуге, түрлі тапсырмалар беруге, оқытушылар мен студенттердің өзара кері байланыс жасауына үлкен мүмкіндік жасалған. Сондықтан да колледж қашықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру мен сапалы білім беру үшін өзіндік жұмыстарды жүйелі орындауда.
Бүгінгі таңда колледжімізде 815 студент білім алуда, 813 «College SmartNation» порталына қосылды, екі студент аудандардың шалғай ауылында тұратындықтан оларға оқу материалдары пошта арқылы жеткізіліп, күнделікті хабарласу арқылы кері байланыс жасау әлеуметтік парақшалар мен чаттар арқылы жүргізілуде.
Оқу процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сай жүзеге асырылуда. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, порталда жасалып жатқан жұмыстардың бағытын реттеуші арнайы ақпараттық жүйе мамандары, бөлім меңгерушілері оқытушылардың сабақты кестеге сәйкес жүргізуін бақылап, қадағалап отырады.
Міне осыдан елімізде жарияланған төтенше жағдай студенттерімізге жүйелі білім беруде кедергі емес екенін айтуға болады.
Ең бастысы біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет. Білім беріп, тәрбиелеп отырған жастарымыздың болашаққа деген сенімін жоғалтпай, татулық пен тұтастықтың арқасында бәріміз бір адамдай жұмылып, елімізде орын алып отырған қиын кезеңнен аман шығатынымызға сенімім мол.
Береке мен бірлік бәрін де жеңеді!
Халықаралық Цифрлық Технологиялар,
Сәулет және Құқық колледжінің
оқу бөлімі басшысы
Тажикбаева Зияш Куатовна